Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Жол апатынан көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
polisia.kz

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға 18 қыркүйек күні сағат 23:30 шамасында Ақтөбе-Астрахань автожолының жол-құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жабық учаскеде болған.

«39 жастағы Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдың жабық учаскесіне шығып, сол жерде тұрған асфальт катогімен соқтығысқан. Салдарынан жүргізуші мен оның үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.
 

Polisia.kz сайтының мәліметінше, қаза тапқандардың барлығы осы учаскеде жол-құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымның қызметкерлері.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.