Алматы облысында жұмыс істемейтін мұғалімдерге 600 млн теңге заңсыз төленіп келген

Облыстық Білім басқармасы ақшаны тек қағаз жүзінде тіркелген 13 адамның атына 600 млн теңге аударып отырған.

Алматы облысында жұмыс істемейтін мұғалімдерге 600 млн теңге заңсыз төленіп келген
Сурет: Zakon.kz
1626

Алматы облысында жұмыс істемейтін мұғалімдерге 600 млн теңгеден аса қаражат заңсыз төленіп келген, деп хабарлады turkystan.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, облыстық Білім басқармасы ақшаны тек қағаз жүзінде тіркелген 13 адамның атына аударып отырған. Осы факт бойынша алты есепшінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Біреуіне сот үкімі шығып, алты жылға бас бостандығынан айырылды. 81 млн теңге көлемінде шығын мемлекетке қайтарылды. Сондай-ақ мұғалімдермен мәміле жасау арқылы жалақыны көтеріп төлеу фактісі анықталған. Осыған байланысты бір есепші мен төрт мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалып, 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Серіктес жаңалықтары