1819
Туристерге алтын қазып әкетуге рұқсат беріледі
Бір жағынан, алтын өндіріледі, екінші жағынан, туристер үзілмейді.
Ресейдің Магадан облысына саяхаттап барған туристер енді өзімен бірге алтын қазып әкете алады, – деп хабарлады turkystan.kz tass.ru–ға сілтеме жасап.
Бұл туралы осы облыстың басшысы Сергей Носов өз сұхбатында мәлімдеген. Аймақта туризмді дамыту үшін алтын өндіруге болады деген ол мұның пайдасы зор деп есептейтінін айтқан. Бір жағынан, алтын өндіріледі, екінші жағынан, туристер үзілмейді.
Магадан облысындағы Колымада туристер алтын өндіре алатын арнайы учаске бөлінеді, — дейді Сергей Носов.