Жәнібек Әлімханұлы анау айтқандай танымал емес – сарапшы

Жәнібекке атын шығару үшін оған үлкен айқас ауадай қажет.

Жәнібек Әлімханұлы анау айтқандай танымал емес – сарапшы

Бокс спортын зерттеп жүрген британиялық сарапшы Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында орта самлақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 KO) мен IBF белбеуінің иегері, германиялық Винченцо Гуальтьери (21-0-1, 7 KO) жекпе-жегіне қатысты ойын айтты, деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған кездесу 14 қазан Розенбергте (Техас штаты, АҚШ) өтеді.

«Бокс - өзі бір қызық дүние. Әлімханұлы чемпион атанып, оны қорғап та тастады. Алда титул біріктіретін жекпе-жекке шығады. Алайда ол бәрібір дивизионның мықты боксшыларына қызықты қарсылас емес. Мәселе - оның танымал еместігінде. Атын шығару үшін оған үлкен айқас ауадай қажет. Қазір ол үш титул жинап алса да, жақсы табыс көре алмайды. Оның командасына Ұлыбритания нарығына шығуды ойлау керек сияқты. Мұмкін бұл географиясын кеңейтіп, танымладылығын арттырады. Ал әзірше Юбенктің титулды емес жекпе-жегі Әлімханұлының екі белбеу үшін айқасынан қызықтырақ», – дейді Смит.