Қазақстандық тәжірибелі балуан Олимпиада жолдамасынан қағылды

Бұл әлем чемпионатында Олимпиадаға жолдама таратылады.

Қазақстандық тәжірибелі балуан Олимпиада жолдамасынан қағылды
olympic.kz

Белградта (Сербия) күрес түрлеріне әлем чемпионатының үшінші күні аяқталуға жақын.

74 келіде белдесетін қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов жұбаныш белдесуінде жапондық Даити Такатаниге есе жіберіп қойды.

Осылайша, балуан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін таластан сырт қалды әрі аталған турнирде сарапқа салынған Париж Олимпиадасының жолдамасынан қағылды.

Нұрқожа Қайпанов бұған дейін Азия чемпионатында бірнеше мәрте жеңімпаз атанған, әрі әлем біріншілігінің күміс жүлдегері.