Астанада алаяқтықпен айналысқан құрылыс компанияларының басшылары ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Елордада "R-Club" және "R-Club Deluxe" ТҮК үлескер болған бір топ тұрғын прокуратураға арыз берді. Осы шағым негізінде қыркүйек айының басында қылмыстық іс қозғалған.
Үлескерлерден 4 млрд теңгеден астам қаражат жинаған компаниялар, шын мәнінде құрылысқа 900 млн теңге жұмсалғаны анықталды. Оған қоса 2022 жылғы 4-тоқсанда аяқталуға тиіс құрылыс әлі бітпеген.
Құрылыс компанияларының басшылары ұсталып, жедел-тергеу тобы құрылды.
Қазір қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғалар мен олардың активтері анықталып жатыр.