Әнші Әли Оқапов алғаш рет баласын көпшілікке көрсетті

Жұлдызды жұп Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай көпшілікке ұлы Зейінді көрсетті.

Әнші Әли Оқапов алғаш рет баласын көпшілікке көрсетті

Зейін Әлиұлы 7 айға толды. Әнші Әли Оқапов әлеуметтік желіге ұлының суретін жүктеп, жазба жариялады.

«Зейін бүгін 7 айға толды. Бұл суретті біз бірнеше ай бұрын жасағанбыз. Қазіргі Зейінмен салыстырсаң, екі бөлек адам сияқты. Шынымен де, уақыттың зымырағанын баланың өсіп кеткенінен анық байқайсың. Бар тілегім, аман-есен өсіп, денің сау болса болды. Тағы бір айың құтты болсын балам» деп жазды әнші.

Ақерке Бүркітбай да ұлына ақ тілегін арнап, жазба қалдырды.

«Әкесінен аумай қалған ботақаным! Аман бол! Денсаулығың мықты болып, нағыз азамат болып ержет. 7 айға толуыңмен», – делінген жазбада.