Қытай азаматтары еліміздегі мұнай кен орындарында заңсыз еңбек еткен

Шетелдіктерге қатысты баптың 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Қытай азаматтары еліміздегі мұнай кен орындарында заңсыз еңбек еткен
Polisia.kz
1616

Алыс шетелдердің азаматтары Ақтөбе облысының мұнай кен орындарында заңсыз еңбек етті, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақтөбе облысы Темір ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері тексеру іс-шаралары барысында аумақтағы мұнай компанияларында еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған 4 шетелдік азаматты анықтады. 

Қытай азаматтары мұнай кен орындарында түрлі құрылыс жұмыстарымен айналысқан. 

Осы факт бойынша шетелдіктерге қатысты баптың 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. 

ҚР ӘҚБтК және аудандық соттың 517 қаулысымен оларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарып жіберу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. 

Бұл ретте жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін жұмыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 519-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалады.

Серіктес жаңалықтары