10 жастағы қыздың өліміне себепші болуы мүмкін 10 туысқаны қамауға алынды

Қамауға алынғандардың арасында қыздың атасы да бар

10 жастағы қыздың өліміне себепші болуы мүмкін 10 туысқаны қамауға алынды
sky.com
3531

Пәкістан полициясы Ұлыбританияның 10 жастағы тұрғыны Сара Шарифтің өліміне қатысы бар болуы мүмкін деген күдікпен оның 10 туысқанын қамауға алды. Бұл туралы Mirror хабарлады.

Сараның мәйіті бір ай бұрын өз үйінің маңынан табылған болатын. Сот-медициналық тексеру кезінде 10 жастағы қызды әлдебіреулер ұрып-соққаны белгілі болды. Қайғылы оқиғадан соң Сараның әкесі мен өгей шешесі Ұлыбританиядан қашып кеткен. Қазір полицейлер оларды іздестіріп жатыр.

Полицейлер екеуін тарихи отаны - Пәкістанда жасырынуы мүмкін екенін айтады. Сондай-ақ олар қыздың әкесіне туыс болып келетін 10 туысқаны қамауға алынғанын мәлімдеді. Олардың арасында қыздың атасы мен немере бауырлары да бар. Полицейлер 41 жастағы Урфан Шариф пен оның жұбайы Бейнаш Батул, ағасы Фейсал Мәлік қыздың мәйіті табылған бойда Пәкістанға қашып кеткен деген болжам жасаған. Алайда, туыстары мұның бәрі кездейсоқ жағдай екенін айтады. 

Серіктес жаңалықтары