Ақтөбеде оқушы көршісінің сарайында өз-өзіне қол жұмсаған

Ақтөбе қаласындағы №8 орта мектептің 11-сынып оқушысы көршісінің сарайында өз-өзіне қол жұмсаған.

Ақтөбеде оқушы көршісінің сарайында өз-өзіне қол жұмсаған
фото: ашық дереккөз
1322

Бұған дейін Ақтөбедегі еріктілер баланың жоғалғаны туралы хабарлама таратып, іздеу жүріп жатқанын мәлімдеген еді, деп хабарлады turkystan.kz.

Деректерге сүйенсек, 16 жастағы бозбала 12 қыркүйек күні шамамен сағат 19:00-де үйден шығып кеткен.  Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жасөспірім 13 қыркүйек күні көршісінің сарайынан өлі табылды.

Полиция бөліміне көршілерінің сарайынан 2007 жылы туған кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауының себебі анықталады, - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Мектеп әкімшілігі болған жайды инспектордан естіген. Оқушы сабақтан қалмаған, мінезі де ашық болған.

Ол – біздің мектептің 11-сынып оқушысы. Биылғы оқу жылында сабақтан қалмай келді. Сабақта жүрген бала өзі. Осы мектеп ашылғалы бізде оқыды. Тәртібі жақсы, мінезі ашық. Жоғалған күні де сабаққа келді. Ашық-жарқын бала. Оқиға туралы мектеп инспекторы айтты. Кешкілік естідік. Нақты жағдай туралы білмей отырмыз, - деді Ақтөбе қалалық №8 орта мектеп директоры Айсұлу Жақсыбаева.

Серіктес жаңалықтары