51884
Б.Римова атындағы қазақ драма театры Астанаға гастрольдік сапармен келеді
Б.Римова атындағы қазақ драма театры Астанаға гастрольдік сапармен келеді
Жетісу облыстық Б.Римова атындағы Талдықорған қазақ драма театры Астанаға гастрольдік сапармен келеді.
Театр ұжымы Қазақстанның Халық әртісі, Бикен Римованың 100 жылдығы аясында 18-19 қыркүйек күндері елордадағы Жастар театрында астаналық көрермен назарына екі спектакль ұсынады.
18 қыркүйек «Қос мұңлық» спектаклінде бүгігі қарттардың кейіпі бейнеленеді. Актерлар жастар арасында маскүнемдік, нашақорлық індеті асқындап, ата-ана алдындағы перзенттік парыздарын ұмытып, қатыгездікке салынуға не себеп болғанын айқындайтын қойылымды сахналайды.
Ал 19 қыркүйек күні «Мұғалім» спектаклі көрерменге жол тартады. Мұнда үйдегі әке-шеше, ата-әже беретін тәрбиеден баланың қабылдауға тиіс қажеттіліктерінен бөлек, мектепке бала сауатын ашып, тәртіпке мойын бұруға септігін тигізетін ұстаз бейнесі сомдалады.