Еліміздің қай өңірлерінде тұрғын үй бағасы қымбаттады?

Еліміздің қай өңірлерінде тұрғын үй бағасы қымбаттады?

Еліміздің қай өңірлерінде тұрғын үй бағасы қымбаттады?
ашық дереккөзі
50909
Қазақстанда соңғы бір жылда жаңа тұрғын үйлердің бағасы 4,4% өсті. Ал екінші нарықтағы пәтерлердің бағасы 2,9% төмендеді, деп хабарлады turkystan.kz. Бұдан бөлек, тұрғын үйді жалға алу төлемі тамызда 17% артты. Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтау – 18%, Семей – 16%, Павлодар 15,5%  қымбаттады. Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімінің көшбасында Семей (25,3%), Ақтөбе (22,5%), Қызылорда (15,5%) қалалары, тұрғын үйді жалға беру нарығында – Көкшетау (37,9%), Қонаев (36,1%), Ақтөбе (34,7%) қалалары тұр.
«Бір айдың ішінде жаңа тұрғын үй бағасы өзгеріссіз қалды. Пәтерлерді қайта сату 1,8% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі шілдемен салыстырғанда тамызда 2,3% өсті», - делінген хабарламада.
Тұрғын үй бойынша мәміле жасасу көрсеткіші жыл басынан бері ең жоғары көрсеткішке жетіп, 2023 жылғы тамызда 38 810-ға жетті. Оның ішінде жеке үйлер бойынша 10 141 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 28 669 мәміле жасалды. 2023 жылдың шілдесімен салыстырғанда (34 225) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 13,4%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша Астана (6 679 – 18%) және Алматы (5 928 – 15,3%) қалалары, сонымен қатар,  Қарағанды облысы (3 705 – 9,5%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 410 бірлік (1,1%).

Серіктес жаңалықтары