Азия ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшыларға қанша сыйақы беріледі?

Азия ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшыларға қанша сыйақы беріледі?

Азия ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшыларға қанша сыйақы беріледі?
ашық дереккөзі
50834
Туризм және спорт министрлігі алдағы Азия ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшыларға берілетін сыйақы мөлшерін жариялады, деп хабарлады turkystan.kz. Азия ойындарының чемпионы атанған спортшыға 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Ал алтын медаль иегерін жарысқа дайындаған жаттықтырушыға 5000 АҚШ доллары қарастырылып отыр. Құрлық біріншілігінің күміс жүлдегері 5000 АҚШ доллары, ал жаттықтырушысы 3000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Сондай-ақ қола медаль еншілеген құрама спортшысына 3000 АҚШ доллары, ал оның жаттықтырушысына 2000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай ынталандыру белгіленген. Азия ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Өз тарихында 29-мәрте жалауын көтеретін Азия ойындарында 40-тан астам спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады. Құрлық біріншілігіне 45 мемлекет қатысады деп жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары