Ғасыр олжасы: серуендеуге шыққан ер адам 1 500 жыл жасырын жатқан қазына тауып алды

Ғасыр олжасы: серуендеуге шыққан ер адам 1 500 жыл жасырын жатқан қазына тауып алды

Ғасыр олжасы: серуендеуге шыққан ер адам 1 500 жыл жасырын жатқан қазына тауып алды
ашық дереккөзі
56522

Серуендеуге шыққан ер адам 1 500 жылдық тарихы бар жасырын жатқан қазынаны тауып алды, бұған археологтар ғасыр олжасы деп баға берді, деп хабарлады turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап.

Сирек кездесетін олжаны жақында Норвегияның 51 жастағы тұрғыны Эрланд Баре Ставангер қаласының маңындағы Реннесей оңтүстік аралынан тапқан. Металл іздейтін құрылғымен серуенге шыққан ол бастапқыда көмілген шоколад монеталар таптым деп ойлаған. Бірақ бұл нағыз қазына болып шықты: тоғыз салпыншақ, үш сақина және он алтын інжу. Бұл көне зергерлік бұйымдардың 1 500 жылдық тарихы болуы мүмкін. 

Эрленд Боре сурет: euronews.com
Эрленд Боре сурет: euronews.com

Дәрігер Эрланд Бареге таза ауада көбірек серуендеуге кеңес береді. Кейіннен ол жыл басында металл детекторын сатып алып, серуенге алып шығып, ермек еткен. Ставангер университетінің археологиялық мұражайының директоры Оле Мадсен "бір уақытта және бір жерде сонша алтын табу өте ерекше жағдай" деп пікір білдірген.

Серіктес жаңалықтары