«Уағыздарын естіп, жағаңды ұстайсың»: Рамазан Стамғазиев домбыраны харам дегендерге жауап берді

«Уағыздарын естіп, жағаңды ұстайсың»: Рамазан Стамғазиев домбыраны харам дегендерге жауап берді

«Уағыздарын естіп, жағаңды ұстайсың»: Рамазан Стамғазиев домбыраны харам дегендерге жауап берді
ашық дереккөзі
51380
Дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев желіде талқыланып жатқан «Домбыра – харам» деген видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Кейінгі кезде осындай аузы-басын түк басқан дүншілдердің қисық уағыздарын естіп, жағаңды ұстайсың. Қазақ қазақ болғалы домбырамен жасасып келеді емес пе?! Халықтық ән жырлары айтылып, салт-санамызды тәрбиелеп жеткізіп келе жатқан жоқпыз ба?! Жалпы, қазақты домбырасыз қалай елестетуге болады, мүмкін емес. Ендеше, мына сақалдынікі не сандырақ? Ел ішіне от салып, халықтың дәстүріне тіл тигізіп, домбыраны қорлаған мынандай адамдарды заң алдында қатаң ескертусіз жазалау керек. Егер Қазақстан жерінде жер басып жүрсе, домбырамен исламды бір-біріне қарcы қою дұрыс емес, қате ұғым» деп жазды әнші  Instagram-дағы парақшасында.
   

Серіктес жаңалықтары