Көкшетауда із-түзсіз жоғалған қыз 4 күннен кейін табылды

Көкшетауда із-түзсіз жоғалған қыз 4 күннен кейін табылды

Көкшетауда із-түзсіз жоғалған қыз 4 күннен кейін табылды
ашық дереккөзі
51683
Көкшетауда жоғалып кеткен жасөспірім қыз Ақмола облысындағы жұмыс істемейтін лагерь аумағынан табылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz. 7 қыркүйек күні сағат 15.00 шамасында Көкшетауда 2006 жылы туған бойжеткен үйінен шығып, жоғалып кеткен. Анасы полицияға арыз жазған. Кәмелетке толмаған баланың жүрген жерін анықтау үшін тәртіп сақшылары қаладағы бейнебақылау камераларының жазбаларын, қыздың әлеуметтік желілерін, сондай-ақ оның болуы мүмкін және жүрген жерлерін зерттеді. «Жедел-іздестіру шаралары барысында қыз Зеренді ауданындағы жұмыс істемейтін лагерь аумағынан табылды. Ол 7 қыркүйек күні сағат 15.00 шамасында үйден шығып, өтіп бара жатқан көлікпен Зерендіге бет алғаны анықталды. Бойжеткен бұрын осы лагерьде демалып келген», - деп хабарлады Ақмола облыстық Полиция департаменті. Кәмелетке толмаған қыз бала Көкшетауға жеткізілді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, оған қатысты заңсыз әрекеттер жасалмаған.  

Серіктес жаңалықтары