Оралда тәрбиеленушілер балалар үйінен кетуге қарсы болды

Оралда тәрбиеленушілер балалар үйінен кетуге қарсы болды

Оралда тәрбиеленушілер балалар үйінен кетуге қарсы болды
ашық дереккөзі
50754
Орал қаласында «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері уақытша жатақханаға көшуге қарсылық білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Жасөспірімдер үйінің меңгерушісі Өмірбай Қалымбетов онда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетініне байланысты аталған үй төрт айға жабылатынын мәлімдеді. Сондықтан онда тұратын тәрбиеленушілер уақытша басқа жерге тұрақтауға тиіс. Бүгін бірнеше тәрбиеленуші «Біз жөндеу біткенде мұнда қайтып кіре алмаймыз, кепілхат жоқ» деп наразылық танытты. Сөйтіп, олар ғимараттың төбесіне шығып, әкімдер келмейінше төменге түспейтінін айтты. Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов келіп, мән-жайды түсіндіріп, бәріне де кепілхат берілетінін айтты. Сондай-ақ ол «Шаңырақ» үйінің облыстық Білім басқармасының теңгерімінде екенін, онда тұратындарға уақытша жатақхана мен лагерьден орын берілетінін, жөндеу біткеннен кейін бәрі мұнда қайта тұратынын айтып жеткізді.

Серіктес жаңалықтары