Өрт сөндіруші Асқар Забикулин жайлы телехикая көрерменге жол тартпақ

Өрт сөндіруші Асқар Забикулин жайлы телехикая көрерменге жол тартпақ

Өрт сөндіруші Асқар Забикулин жайлы телехикая көрерменге жол тартпақ
ашық дереккөзі
51522
11 қыркүйектен бастап «Астана» арнасында «Қаһарман» телехикаясы көрермен назарына ұсынылады. «Қаһарман» сериалы жұмыс күндері сағат 19.20-да көрсетіледі. Бұл телехикаяда Асқардың балалық шағынан бастап, жұмысының соңғы күніне дейінгі оқиғалар легі қамтылған. Еске салайық, былтыр Астанада 15 қабатты үйде болған өрт кезінде бірнеше адамды аман алып шыққан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің денесін 80% күйік шалып, жансақтау бөліміне жатқызылған еді. Дәрігерлер бірнеше күн бойы оны аман алып қалуға тырысса да, құтқарушы ауруханада қайтыс болды. Асқар Забикулин I дәрежелі «Айбын» орденімен және «Алтын адам» сыйлығымен марапатталды. Сондай-ақ, оның құрметіне елорда көшелерінің біріне атау беріліп, мемориалдық тақта орнатылды. Одан бөлек, министрдің бұйрығымен Есіл ауданы Керей-Жәнібек хандар, 8 мекенжайында орналасқан №6 өрт сөндіру бекетіне «Асқар Забикулин атындағы №6 мамандандырылған бөлімше» атауы берілді.

Серіктес жаңалықтары