3 жыл бойы 16 жерден айлық алған қызметкердің құпиясы ашылды

3 жыл бойы 16 жерден айлық алған қызметкердің құпиясы ашылды

3 жыл бойы 16 жерден айлық алған қызметкердің құпиясы ашылды
ашық дереккөзі
54448
3 жыл бойы 16 компаниядан ешқандай жұмыс істеместен айлық алып келген қытайлық әйел ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz scmp.com-ға сілтеме жасап. Гуань Юэ есімді әйел ешқашан жұмысқа бармаған, ешқандай жұмыс істемеген, бірақ 16 жердің қызметкері ретінде ақша алып келген. Бұл жайт 3 жылға дейін, резюмесі керемет маманнан ешқандай нәтиже көрінбейтінін жұмыс берушілердің бірі байқап қалғанға дейін жалғасқан. Істі тексерген құқық қорғау органдары мұның артында бірнеше адамнан құралған күрделі алаяқтық топ барын анықтаған. Топтың құрамында кем дегенде 50 адам болған. Гуань Юэ "тапқан" ақшасына Шанхайдан зәулім вилла, басқа да мүліктер алған. Бірақ ол енді бас бостандығынан айырылады.

Серіктес жаңалықтары