Шығыс Қазақстанда 50-ден астам кәсіпкерге заңсыз айыппұл салынған

Шығыс Қазақстанда 50-ден астам кәсіпкерге заңсыз айыппұл салынған

Шығыс Қазақстанда 50-ден астам кәсіпкерге заңсыз айыппұл салынған
ашық дереккөзі
51101
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы кәсіпкерлерді мерзімі өткен құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартудың жүйелі фактілерін анықтады, деп хабарлады turkystan.kz. Өскемен қаласының мемлекеттік кірістер органдары бизнес субъектісін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша аударымның жоқтығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
«Алайда, құқықбұзушылық жасалған сәттен бастап және факт анықталуына дейін 2 жылдан астам уақыт өтті. ӘҚБтК 62-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам құқықбұзушылық жасалған кезден бастап екі ай өткен соң әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды», - делінген хабарламада.
Осы жағдайларды ескеріп, Өскемен қаласының прокуратурасы мемлекеттік кіріс органының қаулысына наразылық енгізген. Наразылық қанағаттандырылды. Кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді.
«Кәсіпкерлерге қатысты тағы 56 заңсыз әкімшілік іс анықталды. Оларға да наразылық енгізілген (бүгінгі күні 19 наразылық қанағаттандырылды). Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасуда», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары