Қазақстанда бір аптада азық-түлік бағасы қалай өзгерді?

Қазақстанда бір аптада азық-түлік бағасы қалай өзгерді?

Қазақстанда бір аптада азық-түлік бағасы қалай өзгерді?
ашық дереккөзі
50453
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен апта ішінде 0,1% төмендеді, ал жылдық мәнде 6,5% өсті, деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. Елімізде әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы: - Рожки – 316 тг/кг; - Қарақұмық – 331 тг/кг; - Күнбағыс майы – 770 тг/л. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.
«Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары