50457
Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза тапты
Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза тапты

Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
7 қыркүйекте Іле орталық аудандық ауруханасына жарақат алған төрт тұрғын түскен. Тағы бір адам ауруханаға жетпей, жолда қаза тапты.
«Бұл деректер ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтiру) және ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша тіркелді. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқандарды ұстады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.Бауыржан Әленов аймақтағы жағдай бақылауда екенін айтты. Сараптамалық тексеру тағайындалып, барлық қажетті тергеу шарасы жүргізіліп жатыр.