Қорғаста бір топ жігіт жаппай төбелес ұйымдастырған

Қорғаста бір топ жігіт жаппай төбелес ұйымдастырған

Қорғаста бір топ жігіт жаппай төбелес ұйымдастырған
ашық дереккөзі
50351
6 қыркүйекте «Қорғас» ХШЫО аумағында төбелес болды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Төбелеске 20-26 жас аралығындағы бір топ жергілікті тұрғындар қатысқан. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, полицияға жеткізілді. Жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ», - делінген Жетісу облысы Полиция департаментінің хабарламасында.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жалғасуда, оның қорытындысы бойынша қатысқандардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Табылған травматикалық тапанша тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Аталған істі тергеп-тексеруді облыстық департамент ерекше бақылауға алды.  

Серіктес жаңалықтары