Хромтауда әйел 5-қабаттан секірмек болды

Хромтауда әйел 5-қабаттан секірмек болды

Хромтауда әйел 5-қабаттан секірмек болды
ашық дереккөзі
50588
Хромтауда полицей тұрғын үйдің 5-қабатынан секірмек болған әйелді құтқарды, деп хабарлады turkystan.kz. 6 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында 102 арнасына белгісіз әйелдің бесінші қабаттағы терезеден секіргелі жатқаны туралы хабар түскен.
«Оқиға орнына тез арада кезекшілікке шыққан учаскелік полиция инспекторлары жетті. Үш учаскелік полиция инспекторы ұзақ ойланбастан шатырға көтеріліп, әйелмен әңгімелесіп, оны сабырға шақырды. Ал әйел жылап, өзін жайына қалдыруды сұраған. Осы сәтте полиция капитаны Райымбек Оңғарбаев өз өмірін қатерге тігіп, шатырдан балконға секіріп, әйелді құтқарып қалды», - деді полициядан.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.  

Серіктес жаңалықтары