Алматыда өздігінен жүріп кеткен автобус үш көлікті соқты (ВИДЕО)

Алматыда өздігінен жүріп кеткен автобус үш көлікті соқты (ВИДЕО)

Алматыда өздігінен жүріп кеткен автобус үш көлікті соқты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50792
Әлеуметтік желіде жүргізушісі жоқ автобустың артқа қарай жүріп кеткен видеосы пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz. Белгілі болғандай, бұл уақытта автобус жүргізушісі дәретханаға кеткен. Абай даңғылы мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысында қараусыз қалдырылған №79 автобус жол апатына түрткі болды. Полицияның мәліметінше, №79 жолаушылар автобусы Абай даңғылының бойымен шығыс бағытқа қарай 84 метр артпен жүрген.  Автобустың соққысына алғаш боп ұрынған Land Cruiser көлігі болды. Ол күшті соққыдан Kia Rio мен Chevrolet Cobalt-қа зақым келтірді. Одан кейін автобус жол қиылысында тұрған Kia Optima көлігіне де соғылды. Апат салдарынан Kia Rio көлігінде болған бір әйел зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Специально для КрисПи | Основа (@kris.p.original)

Серіктес жаңалықтары