50428
Мемлекет басшысы жаңадан құрылған министрліктің басшысын қабылдады
Мемлекет басшысы жаңадан құрылған министрліктің басшысын қабылдады

Мемлекет басшысы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовті қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында Президент:
су ресурстарын басқару мәселелері бойынша Орталық Азия елдерімен өзара іс-әрекетті жолға қою маңызды екенін атап өтті;
министрлікке су шаруашылығы инфрақұрылымдарын кең көлемде жаңғырту, суды есептеу және бөлу жүйесін цифрландыру міндетін жүктеді;
су ресурстарын тиімсіз пайдалануға және гидротехникалық нысандардың әбден тозуына қатысты мәселелерді шешу үшін жаңа Су кодексін уақтылы қабылдау қажеттігін айтты;
Ұлттық гидрогеологиялық қызметті қайта құру және министрлікке қарасты ұйымдарды трансформациялау жұмыстарын аяқтауды тапсырды.