40 млрд теңге желге ұшқан: Жамбыл облысының 6 ауданында төтенше жағдай жарияланды

40 млрд теңге желге ұшқан: Жамбыл облысының 6 ауданында төтенше жағдай жарияланды

40 млрд теңге желге ұшқан: Жамбыл облысының 6 ауданында төтенше жағдай жарияланды
ашық дереккөзі
50408

Еліміздегі шаруа қожалықтары қиын жағдайда. Жамбыл облысының 6 ауданында төтенше жағдай жарияланды.«AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Премьер-министрдің Бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдап, өңірлерде ушығып тұрған суармалы жерлерді ағын сумен қамту мәселелерін көтерді, деп хабарлады turkystan.kz.

2019 жылдан бастап Жамбыл облысында қолданыстағы суармалы жерлерді ағын сумен қамтуды жақсарту мақсатында  Халықаралық қаржы институттарының несиесі есебінен жалпы құны 40,0 млрд теңге болатын 2 жоба жүзеге асырыла бастаған еді. Аталған жобаларға жауапты Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» кәсіпорны болған. Бұл 2 жоба 2021 жылы бітіп, жалпы 114 мың гектар алқапты сумен қамтуы керек еді.

Алайда, жобалау-сметалық құжаттаманың сапасыз әзірленуіне, жосықсыз мердігерлердің жұмысына және «Қазсушар» кәсіпорны тарапынан бақылаудың әлсіздігіне байланысты жобалардың аяқталуы ағымдағы жылдың желтоқсанына ауыстырылған. Жұмыстың уақтылы аяқталатыны үлкен күмән туғызады. Оған қоса, атқарылған жұмыстардың сапасы сын көтермейді. Бүгінгі таңда жобалар аясында жоспардағы 54 мың гектардың тек 34 мың алқабы ғана ағын сумен қамтылған, – дейді депутаттар.

Жауаптылардың салғырттығының салдарынан 20 мың гектарға жуық жерді иеленіп отырған шаруалар шығынға батып отыр.

Олардың шығындарын өтеу бойынша Үкіметтен бөлінетін қаржы әр зардап шеккен шаруаға әділ түрде жетуі керек. Ал шаруаларды сумен қамтуға қатысты сырттан алынған қарыздарды қалай және кім өтейді? Бұл мәселеге нақты кім жауапты? Бұдан бөлек, ағын суды алу бойынша қырғыз билігімен жүргізілген келіссөздердің уақтылы жасалмағандығы және нәтижесіз болуы су тапшылығын ушықтырып отыр. Неліктен алдын-алу шаралары дер кезінде қабылданған жоқ? Біздің мемлекетімізде осындай өрескел кемшіліктердің болуы салаға жауапты тұлғалардың тиісті құқықтық жауапкершілікке тартылмауының салдары деп санаймыз. Бұл кемшіліктер кез келген салада қайталануы мүмкін. Сондықтан осы мәселе бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, тиісті тұлғалар жауап беруі тиіс, – дейді «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері.

Серіктес жаңалықтары