Қытай Қазақстанның бас сауда серіктесіне айналды

Қытай Қазақстанның бас сауда серіктесіне айналды

Қытай Қазақстанның бас сауда серіктесіне айналды
ашық дереккөзі
50645
Биылғы мамырдан бастап Қазақстанның бас сауда серіктесі Қытай болды. Сауда көлемі 13,6 млрд АҚШ долларына жетті, деп хабарлады turkystan.kz Экономикалық зерттеулер институтына (ERI) сілтеме жасап. Қазіргі геосаяси ахуал Ресей тауарларының импортын 10,4%-ға төмендетті. Осылайша Қытай тауарларының импорты 52,9%-ға өсті. Институт дерегіне сүйенсек, көбінесе Ресейден келетін көлік құралдарын (-50%), компьютер және электрондық өнімдерді (-51%), электр жабдығын (-26%), металл бұйымдарды (-26%), жиһаздарды (-27%), резеңке және пластмасса бұйымдарын (-20%) сатып алу деңгейі азайған. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Ресей импорты рекорд деңгейге жеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары