100 млн теңге: Қостанай облысының екі тұрғынынан синтетикалық есірткі тәркіленді

100 млн теңге: Қостанай облысының екі тұрғынынан синтетикалық есірткі тәркіленді

100 млн теңге: Қостанай облысының екі тұрғынынан синтетикалық есірткі тәркіленді
ашық дереккөзі
50302
Қостанай облысының екі тұрғынынан 4 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлады turkystan.kz. Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2023» жедел алдын алу шарасын өткізу кезінде синтетикалық есірткіні таратумен айналысқан екі жас жігітті ұстады. Облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының айтуынша, жедел-іздестіру шаралары барысында жалдамалы пәтерде облыс орталығының 21 және 22 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Polisia.kz сайтының мәліметінше, пәтерді тінту кезінде полиция қызметкерлері 4 келіден астам А-PVP есірткісін тәркіледі. Сонымен қатар электронды таразылар, 240 шағын-магниттер, электр таспасы, фольга және есірткіні орауға арналған басқа да құрылғылар табылды. Қара нарықта аса ірі мөлшерде алынған синтетикалық есірткі партиясының құны шамамен 100 млн теңгені құрайды. Бұл партияда – 15 мыңнан астам доза бар.
«Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Полиция ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жөнелту мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Баптың санкциясы аясында қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қамтиды», - делінген хабарламада.
Жыл басынан бері Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері заңсыз айналымнан 328 келі түрлі есірткі заттарын тәркіледі.

Серіктес жаңалықтары