Ата заңымызға 28 жыл: Астанада Конституция күніне орай конференция өтті

Ата заңымызға 28 жыл: Астанада Конституция күніне орай конференция өтті

Ата заңымызға 28 жыл: Астанада Конституция күніне орай конференция өтті
ашық дереккөзі
50545
25 тамызда Конституция күніне орай Астанадағы Достық үйінде «Адал азамат – Ата Заңның тірегі» конференциясы өтті, деп хабарлады turkystan.kz. Басқосуға  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Евгений Больгерт, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Индира Рыстина, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимов, сондай-ақ  қалалық  ҚХА  қоғамдық құрылымдарының, этномәдени бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Сарапшылар Ата Заңымыз еліміздің құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуындағы, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық  бірліктің қазақстандық моделін дамытудағы тарихи рөлі туралы әңгіме өрбітіп, баяндама жасады.
«Қазақстанда соңғы бір жарым жылда көптеген саяси науқандар болды. Жапыхалықтық референдум, сайлау қоғамның саясилануына әкелді. Конституцияға енгізілген өзгерістер бір күндік жұмыстың нәтижесі болған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел тізгінін қолға алған 2019 жылдан бері 4 ірі саяси реформа жасалды. Елімізде орын алған саяси күрделі өзгерістердің бірі – ауыл әкімдерінің сайлануы. Ауыл әкімдерін саяси партиялардың ұсынысы арқылы ғана емес, өзін-өзі ұсыну арқылы үміткер бола алады, - деді Индира Рыстина.
Дөігелек үстелде қатысушылар Ата Заңның маңыздылығы туралы айтты.
«Конституция күні бұл еліміз үшін үлкен мереке. Мен Конституциялық топтың мүшесі болғанда 15 ұсыныс берген едім. Оның ішінде адам құқықтарын қорғайтын Конституциялық Соттың керектігі жайында айтылды. Конституциялық Заңда норма бар: «Бір мандаттық бойынша өткен әр депутат бір жылдан кейін халықтың алдында жауап беруі керек. Ал қоғам оның жұмысы жайлы жақсы пікірде болмаса, онда мандатын қайтаруға құқығы бар. Сол үшін бір мандат бойынша келген халық қалаулылары Мәжілісте депутаттық сауал жолдайды. Бұл өте пайдалы дүние», - деді Мәжіліс депутаты Марат Башимов.
Астана қаласы Қазақстан Ассамблеясы Ғылыми – сараптамалық тобының төрағасы, тарих ғылымдарының докторы Тілеген Садықов Конституцияның тарихына шолу жасады.
«Ата заңымызды азаматтық қоғамның қалыптасуына, құқықтық жүйенің орнығуына, басқару билігінің құрылымы мен ұлттық заңнамаларының дамуына, түрлі қоғамдық институттардың жолға қойылуын қамтамасыз ететін құнды құжат ретінде басшылыққа алып келе жатырмыз. Қазақстанда ХХ ғасырда Конституция бірнеше рет қаблданды. 1926 жылы Автономиялық республика болдық, одан кейін 1937 жылы екінші, 1978 жылы үшінші Қазақ КСР Конституциясы қабылданды. Тәуелдсіздікті алған 1993 жылы және 1995 жылы  республикалық референдум негізінде қазіргі қолданыстағы конституциямыз қабылданды. Жаңа конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Мұның бәрі уақыттың сұранысы мен заман ағымына еркін алдыға қарыштап дамуына, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс тіршілігінің оңалуына мемелекет тарапынан берілген кепіл-тірегі ретінде қаблданғаны хақ. Кез келген егеменді ел әрі әлеммен төрт құбыласы тең мемлекет үшін Конституция басты құжат болып саналады. Сондықтан 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституция бүгінгі Қазақстанның жетістігін, әлемдегі орнын және мемлекеттің ішіндегі қоғамдық демократиялық дамуды көрсетеді», - деді ЕҰУ профессоры Тілеген Садықов.

Серіктес жаңалықтары