Ресейде 150 жолаушы мінген ұшақ шұғыл қонды

/
Ресейде 150 жолаушы мінген ұшақ  шұғыл қонды

Ресейдің Батыс-Сібір көлік прокуратурасы "Сібір" (S7 Airlines) әуе компаниясының Новосибирск – Норильск бағытындағы рейсіне қатысты болған оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Әуе кемесі ұшып шыққан әуежайға қайта оралған., деп хабарлайды turkystan.kz.

«Алдын ала мәлімет бойынша, бүгін жергілікті уақытпен таңғы сағат 9 шамасында (Новосибирск – Норильск бағыты бойынша ұшып шыққан "Сібір" әуе компаниясының ұшағында гидрожүйе жұмысының ақауы жөнінде дабыл белгісі тіркелді», – делінген хабарламада.

Қону сәтті өтті. Ұшақ бортында 152 жолаушы болған, оның ішінде 14 бала бар. Әуе кемесінің жүйелерінің техникалық тексерісі ұйымдастырылды. Рейсті орындау үшін Новосибирскіден қосымша резервтік ұшақ бөлінген.

Новосибирск және Норильск көлік прокуратуралары ұшулар қауіпсіздігі заңнамасының орындалуы мен жолаушылар құқықтарының сақталуын бақылау бойынша қадағалау шараларын жүргізіп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары