Астанада көпқабатты үйдің паркингінде көлік өртенді

Астанада көпқабатты үйдің паркингінде көлік өртенді

Астанада көпқабатты үйдің паркингінде көлік өртенді
ашық дереккөзі
50382
Елордада тұрғын үй кешенінің паркингінде көлік өртеніп, 150 адам эвакуацияланды, деп хабарлады turkystan.kz. 9 тамызда сағат 13:54-те Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Ақан сері көшесіндегі паркингте автокөліктің жанып жатқандығы туралы шақыртуға шықты. Өрт сөндірушілер 6 минутта жеткен. Көпқабатты тұрғын үй кешенінің паркингінде Range Rover маркалы автокөлік жанып, қатты түтін пайда болғаны анықталды. Қызыл жалынды сөндіру барысында елордалық құтқарушылар 5 адамды құтқарды. Олардың ішінде 1 бала болды. 150 адам эвакуацияланды, оның ішінде 30 бала бар.
«Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілердің күшімен сағат 14:40-та өрт жойылды. Өрт сөндіруге, құтқаруға және салдарын жоюға Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 57 адамы мен 14 техникасы, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының 3 адамы мен 1 техникасы және 3 адам және 103 қызметінен 3 адам мен 1 бірлік техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта арнайы машинаның көмегімен желдетілмейтін паркингтен түтін шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.    

Серіктес жаңалықтары