Алматыда қоғамдық көліктегі жолақысы 200 теңгеге дейін көтеріледі

Алматыда қоғамдық көліктегі жолақысы 200 теңгеге дейін көтеріледі

Алматыда қоғамдық көліктегі жолақысы 200 теңгеге дейін көтеріледі
ашық дереккөзі
50480
Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру құны 20 теңгеге өседі. Бұл туралы мәслихаттың VII сессиясында Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz. Ол мегаполисте жол жүру құны тасымалдаушылардың шығындарының өсуіне қарамастан 11 жылдан астам уақыт бойы өзгеріссіз болғанын атап өтті.
«Ағымдағы тариф тасымалдаушылардың шығындарын өтемейді, өйткені жол жүрудің нақты құны бекітілгеннен 3 есе қымбат. Осыған байланысты әкімдік ай сайын тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялар түрінде жабуда. 2020-2022 жылдар кезеңінде төленген субсидиялар сомасы 115,8 млрд теңгені құрады», - деп нақтылады Асқар Әмрин.
Статистикаға сәйкес, өткен онжылдықта көлікте жол жүру бағасы республика бойынша басқа қалаларда бірнеше рет өзгерді. Қазір бір айлық абонементтің құны Өскеменде - 9000 теңгеден жоғары, Қарағандыда - 6000 теңгеден төмен, Алматыда - 7500 теңге. Ережеге сәйкес, қоғамдық көліктегі жол жүру тарифі тасымалдаушылардың шығындары артық болғаннан кейін үнемі қайта қаралуы керек. Өткен онжылдықта бағаның жалпы өсуі аясында сапар құны жасанды түрде бір деңгейде ұсталды, дегенмен 2012 жылдан бастап отын мен газ 300%-ға қымбаттады.
«Инфляцияны, ЖЖМ бағасының өсуін және қосалқы бөлшектердің шығынын ескере отырып, төленетін субсидиялар сомасы жыл сайын 10-нан 30%-ға дейін ұлғаяды», - деді Алматы әкімінің орынбасары депутаттар алдында сөйлеген сөзінде.
Нарық кез келген өзгерістерге сезімтал: егер көлік инфрақұрылымы дамып жатса, бағалар бірдей деңгейде қалмайды. «Автопарк тозған, автобустағы кондиционерлер туралы әңгіме болған жоқ, автобустардың өзі де жақсы жағдайда емес. Содан бері 11 жыл өтті, барлық тауарлар мен қызметтердің бағасы көтерілді, тек жол жүру құны өзгеріссіз қалды, бұл кез-келген логикаға қайшы келеді» деп жазды қоғам қайраткері Андрей Андреев. «Жол жүру бағасы нарыққа сәйкес болуы керек деген» тұжырымға «Ортақ жол» жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығының» басшысы Арсен Шакуов та сенімді. Сонымен қатар жолаушылардың көпшілігі үшін жол жүру құнының өсуі 20 теңгені құрайды. Қолма-қол ақшасыз төлем әдісін қолданатындар үшін бұл сома аздап өседі. «Алматы көлік холдингі» ЖШС деректері бойынша барлық жолаушылар арасынан шамамен 97%-ға жол жүру ақысын «Оңай» карталарымен, оның ішінде «Оңай» қосымшасында QR-код немесе SMS-хабарлама арқылы төлейді. Жалпы, қоғамдық көлікті күніне 1,4 миллионға дейін адам пайдаланады. Мегаполистің көлік инфрақұрылымының жүктемесі өте зор, бұл ретте жолдардың жай-күйіне, қала билігі автопаркті жаңартуға ерекше көңіл бөледі.
«Қолма-қол ақшасыз төлеммен 100 теңге және қолма-қол төлеммен 200 теңге мөлшерінде жаңа тарифтерді қолдану биылғы жылы субсидиялар сомасын шамамен 10 млрд теңгеге төмендетуге мүмкіндік береді. Оларды басқа да әлеуметтік маңызы бар жобаларға қайта бөлуге болады», - деп сөзін аяқтады Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәслихаттың VII сессиясында.

Серіктес жаңалықтары