«Өрт кезінде 2019 жылғы бала зардап шекті. Ол бірінші-екінші дәрежелі термиялық күйік алды. Баланы ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Ал 2021 жылы туған қыз бала қайтыс болды. Балалардың анасы аулада болған. Көпбалалы отбасы сегізінші баланы күтуде», – делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.Өрттің 80 шаршы метр аумақты шарпығаны анықталды. Тілсіз жау сағат 11.45-те оқшауланып, сағат 12.15-те толығымен жойылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Павлодар облысында өрттен 2 жасар сәби көз жұмды

Павлодар облысында өрттен 2 жасар сәби көз жұмды
Павлодар облысында өрт кезінде сәби көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz.
Рavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, 9 тамыз күні сағат 10.29-да Тереңкөл ауданының Береговое ауылында жекеменшік үй жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнында екі техника мен жеке құрамнан сегіз адам жұмыс істеді.