«Динамо» мен АЕК жанкүйерлері арасындағы төбелесте бір адам қаза тапты

«Динамо» мен АЕК жанкүйерлері арасындағы төбелесте бір адам қаза тапты

«Динамо» мен АЕК жанкүйерлері арасындағы төбелесте бір адам қаза тапты
ашық дереккөзі
50264
Чемпиондар лигасы аясында өтетін грекиялық АЕК пен «Динамо Загребтің» ойыны кейінге шегерілді, деп хабарлады turkystan.kz. Оған екі команда жанкүйерлерінің қақтығысы себеп болды. Афинаның Неа-Филадельфия аймағындағы төбелесте 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, UEFA салған тыйымға қарамастан «Динамоның» 150-200 шақты жанкүйері Грекияға көлікпен барған. Стадион маңындағы екі команданың фанаттары арасында жаппай төбелесте олар суық қару қолданып, бір-біріне қолдан жасалған жарылғыш заттар лақтырған. Оқиға кезінде 29 жастағы грек азаматы пышақ жарақатынан көз жұмды. Полиция төбелеске қатысқан 96 адамды тұтқындады. Дүрбелең кезінде дүкен сөрелері, сондай-ақ тұрақта тұрған көліктерге зақым келді.

Серіктес жаңалықтары