50419
«Жездесі қамауға алынды»: Шымкентте жоғалған 18 жастағы қыздың мәйіті табылды
«Жездесі қамауға алынды»: Шымкентте жоғалған 18 жастағы қыздың мәйіті табылды
Шымкентте бірнеше күннен бері іздеуде болған 18 жастағы қыз өлі күйінде табылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, 5 тамыз күні Әл-Фараби АПБ-ға жас қыздың жоғалғаны туралы хабарлама түскен.
Ағасының айтуынша, 2004 жылы туған студент 4 тамыз күні үйден белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған. Түркістан облысының тумасы оқуына байланысты уақытша әпкесінің үйінде тұрған.
«Жедел-іздестіру жұмыстарына Шымкент қаласы ПД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. БАҚ-та және әлеуметтік желіде 18 жастағы қыздың із-түзсіз жоғалғаны туралы хабарландыру таратылды. Үш күн бойы үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары оң нәтиже берген жоқ», - делінген хабарламада.8 тамыз түнгі сағат 01:30 шамасында Әл-Фараби АПБ-ға туыстары үйдің жертөлесінен жоғалған қыздың өлі денесін тапқаны туралы хабарлады.
«Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы жертөледен төсек жаймасына оралған, денесінде зорлық белгілері бар мүрдені анықтады. Бойжеткенді туған жездесі өлтірді деген күдікке ілінді. ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті УҰИ-ға қамалды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.