18 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазған қылмыстық топ мүшелері сотталды

18 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазған қылмыстық топ мүшелері сотталды

18 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазған қылмыстық топ мүшелері сотталды
ашық дереккөзі
50581
Павлодар облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері кәсіпкерлерге материалдық сыйақы үшін 6,8 млрд теңге салық төлеуден жалтаруға көмектескен, деп хабарлады turkystan.kz. ҚР ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі мен оның 9 мүшесі 26 еншілес компанияны тіркеген. Кейін олардың атынан 4 жыл ішінде 18 млрд теңгеден астам сомаға жалған шот-фактуралар жазып бергені дәлелденді.
«Бұл қылмыстық топтың қызметін 225 кәсіпорын пайдаланған. Оның ішінде энергия тасымалдаушы компания өз шығындарын асыра көрсетіп, электр энергиясының тарифін заңсыз көтерген», - делінген хабарламада.
Ұйымдасқан қылмыстық топты жою нәтижесінде бақылаудағы компанияларды тіркеу заңсыз деп танылды. Сатып алушыларға 560 млн теңгеден астам сомаға салық төлеу туралы хабарламалар берілді. Электр энергиясын тұтынушылар үшін 580 млн теңгеден астам сома  тариф қайтарылды.
«Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде, қалған мүшелері 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, салық төлеушілер үшін салық төлеу міндетті болып табылады. Ал заңнамада салық төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.  

Серіктес жаңалықтары