Париж-2024: аптап ыстық Олимпиада ойындарына әсер ете ме?

Париж-2024: аптап ыстық Олимпиада ойындарына әсер ете ме?

Париж-2024: аптап ыстық Олимпиада ойындарына әсер ете ме?
ашық дереккөзі

2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындары кезіндегі ауа райының құбылуы толық бақылауда болады деп отыр ұйымдастырушылар. Болжам бойынша, келесі жылы Еуропада өтетін Олимиада ойындары алдында тағы да рекордтық көрсеткіштегі аптап ыстық болмақ. Дүниежүзілік метеорология ұйымының сөзінше, солтүстік жарты шардағы аптап ыстық осы аптада күшейеді. Жерорта теңізі, Солтүстік Амрика, Азия және Солтүстік Африкада ауа температурасы 40 градустан жоғары көрсеткішті бірнеше күн көрсетеді деп күтілуде.

«Ауа температурасына қатысты өте сақпын әрі бақылауда ұстап отырмын», - дейді 2024 жылы Парижде өтетін ойындарды ұйымдастырушы комитеттің президенті әрі үш дүркін олимпиада чемпионы Эстанге.
Халықаралық олимпиада ойындары комитетінің президенті Томас Бах климаттың өзгеруі бүкіл әлемдегі спорттық шараларға әсер етеді деп отыр. The Lancet журналының жазуынша, егер ыстық максимум деңгейге жетсе, Париж тұрғындары үшін өлім жағдайы да тіркелуі мүмкін. Бұл барлық жастағыларға әсер етеді.  2050 жылға қарай Франция астанасындағы ауа температурасы 50 градусқа дейін жетуі мүмкін.