«X» пен «Threads» арасындағы бәсеке: TikTok екеуіне де «соғыс» ашты

«X» пен «Threads» арасындағы бәсеке: TikTok екеуіне де «соғыс» ашты

«X» пен «Threads» арасындағы бәсеке: TikTok екеуіне де «соғыс» ашты
ашық дереккөзі

Илон Маск Twitter-ді сатып алғаннан кейін түрлі өзгерістер жасады, компания иелерімен соттасуға дейін барды, бірақ ең маңыздысы ол емес. Маск компанияның логотипін ауыстыруды және оны «X» деп атауды ұсынып отыр. Тіпті ол өзінің Twitter желісінде «X» символын көрсетіп қойды. Ал бұған бәсекелес ретінде Марк Цукерберг «Threads» жобасын ұсынып, өте қысқа уақыт ішінде жүз миллионға жуық оқырманды жинай алған жаңа технологиялық жетістік ретінде есте қалды. Тек оқырман енді өзінің «Threads» қосымшасын өшіре алмайды. Себебі қолданушының инстаграм парақшасы бірге жойылып кетеді. Екі алып арасындағы бәсеке қызып жатқан тұста қытайлық TikTok қарап жатқан жоқ. Олар бірден екі жаңа платформаға «соғыс ашып», өздерінің мәтіні арқылы да оқырманның эмоциясын жеткізуге, ақпарат беруге болатын функциясын іске қосты. TikTok өзінің бұл жаңа өзгерісін Илон Маск Twitter-дегі логотипін өзгертіп, көк торғайдан бас тартқан күні жария еткен.  width= TikTok қолданушылары енді үш түрлі форматта: видео, фото және мәтін арқылы жұмыс істей алады.

«Жаңа функция бұған дейін видео-фотода оқырман қандай эмоцияға толы эффект алып келген болса, мәтін арқылы да сол ерекшелікті сезінетін болады», - делінген дүйсенбі күні жарияланған компания мәлімдемесінде.