Жапонияның АҚШ-тағы бас консулының инстаграм парақшасы әлем назарында

Жапонияның АҚШ-тағы бас консулының инстаграм парақшасы әлем назарында

Жапонияның АҚШ-тағы бас консулының инстаграм парақшасы әлем назарында
ашық дереккөзі

Жапонияның Сиэтлдегі бас консулы жүргізетін инстаграм парақшасы жұрт арасында «ең мейірімді парақша» деген атауға ие болған. Бас консулдың ерекше парақшасы туралы turkystan.kz сайты жазды. Хисао Инагаки – Жапонияның Сиэтлдегі (АҚШ) бас консулы. Ол әлеуметтік желілердің ішінде ең мейірімді әрі пайдалы парақша жүргізетін адам ретінде де белгілі.  width= Бас консул үш жыл бойы күнделікті видео ролик түсіріп, адамзат үшін, оның амандығы мен жақсылығы үшін ниет етіп, тілек тілеген. Сәттілік пен ұзақ өмір сүрудің символы – тырнаны  тұрақты пайдаланып отырған. Инагаки өзінің жүзін көрсетіп, видео салып келе жатқанына 1063 күн болған. Бір қызығы, бас консул бұл әрекетіне өті маңызды жұмыс ретінде қарап, көзіне операция жасатқан күні де видео дайындап, салған.