сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Қытайда мектептің шатыры опырылып, 11 адам қаза тапты (ВИДЕО)

/
ашық дереккөзі
Қытайда мектептің шатыры опырылып, 11 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Қытайдың Цицикар қаласында мектеп спортзалының шатыры опырылып, 11 адам қаза тапты.

Оқиға елдің солтүстік-шығысындағы Хэйлунцзян провинциясында болған. Апат кезінде ғимаратта 19 адам болған. Төртеуі қашып үлгерген, 15-і үйінді астында қалған. 

 Қазір іздеу-құтқару операциясы жүріп жатыр. Провинция билігі төтенше жағдайға қатысты тексерісті бастады.

Бөлісу: