Аралар жойылып кетсе адамзаттың өмір сүруі тоқтай ма?

Аралар жойылып кетсе адамзаттың өмір сүруі тоқтай ма?

Аралар жойылып кетсе адамзаттың өмір сүруі тоқтай ма?
ашық дереккөзі
50858
Араларға қатысты ғылыми деректер, түрлі зерттеулер көп. Себебі аралар жер бетіндегі ең ерекше әрі адамзат баласы үшін аса маңызды жәндіктердің бірі ретінде саналады. Олардың жойылып кетуі адам баласының өмір сүруіне тікелей әсер етеді деп болжайды. Біз бүгін осы сұраққа жауап іздеуге тырысамыз. Жабайы әрі басқарылатын бал аралары -  әлемдегі ең маңызды тозаңдандырушылардың бірі. Олар өсімдіктерді тозаңдату жағынан әлемдік азық-түлік қорын сақтауда аса маңызды рөл атқарады. БҰҰ қолдау көрсетіп, дайындаған зерттеуге сүйенсек, әлемнің 75% азық-түлік нарығы жәндіктер мен өзге де жануарлардың тозаңдату үрдісіне тәуелді. Егер аралар жойылып кетсе, түрлі жеміс-жидектердің, өсімдіктер мен басқа да тозаңдану арқылы дайындалатын өнімдердің өзара байланысы үзіледі. Аралардың жойылуы тек азық-түлік мәселесінде ғана емес, әлемдік экономика үшін де аса қауіпті. 2005 жылдары жасалған зерттеуде араларды тозаңдандырудың жылдың шығыны 200 млрд долларды құрап отыр. Сондықтан олардың жойылуы, ең алдымен, азық-түлік бағасының өсуіне және әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа алып келеді. Аралардың тағы бір қасиеті – экожүйесі. Олар өсімдіктер мен жан-жануарлар, адамдар арасындағы экожүйені құрады. Бұл жүйе бұзылса, кейбір өсімдіктер көбеймеуі мүмкін, тіпті құрып бітуі де ғажап емес. Ал ол сол өсімдікті қоректенетін жан-жануарлардың жойылып кетуіне алып келеді.

Серіктес жаңалықтары