Атырауға азық-түлік Ресейдің көршілес облыстарынан келеді – Эльдар Жұмағазиев

Атырауға азық-түлік Ресейдің көршілес облыстарынан келеді – Эльдар Жұмағазиев

Атырауға азық-түлік Ресейдің көршілес облыстарынан келеді – Эльдар Жұмағазиев
ашық дереккөзі

Осылайша, аймақ шетелдік фермерлерді «асырап» отыр. Отандық азық-түлік өндірісін дамытудың маңыздылығы туралы «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңестің отырысында айтылды. Партия Хатшысы Эльдар Жұмағазиев атап өткендей, еліміз бойынша ең үлкен табыс Атырау облысында деген сөз жиі айтылады. Бірақ, өкінішке қарай, табыс қанша көп болса да, оның екінші айналымы жоқ, қаражат импорт арқылы елден «шығып кетіп жатыр». Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлерді субсидиялау тәсілдерін қайта қарауы тиіс.  width=

«Ең өзекті мәселе субсидиялау саясатының қаншалықты тиімділігіне қатысты болып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің саясаты – барлық өңір үшін бірдей ереже. Ал біз табиғаты және климаттық жағдайлары қолайсыз аймақтарға ерекше көзқарас қажет деп санаймыз. Қазір Атырау облысындағы азық-түліктің 70%-ы импортталады. Олар негізінен Ресейдің көршілес облыстарынан әкелінеді. Сонда біз ресейлік фермерді асырап жатырмыз ба? Қандай жағдай болса да, азық-түлік тауарларын өзіміз өндіретіндей ету қажет», - деді Эльдар Жұмағазиев.
Сондай-ақ, партия Хатшысы өңірде отандық өніммен қамтылу деңгейінің тым төмендігін ескере отырып, Атырау облысында ауыл шаруашылығын, тамақ және балық өнеркәсібін, машина жасауды дамыту бағдарламасын әзірлеу қажеттілігі туындағанын алға тартты. Бұл ретте, жергілікті фермерлер жанар-жағармай бағасының жоғары болуы бизнесті дамытуға кедергі келтіріп отырғанын айтты. Кәсіпкер Еркебұлан Кенжеғалиев жем өндірушілерге дизель отынын жеңілдетілген бағамен бөлу туралы ұсыныс жеткізді. Өз кезегінде Атырау қалалық мәслихатының депутаты Рафик Сәрсенов бүгінде тозу көрсеткіші 76%-ға жеткен ауыл шаруашылығы техникасы паркінің жай-күйіне назар аударды.
«Технологиялық жаңарту нормасы 6-8% болғанда, 2022 жылы ауыл шаруашылығы техникасын жаңартудың нақты іс жүзіндегі деңгейі 4,4% құрады. Соңғы 2 жылда техника құнының өсуі байқалады. 2023 жылы лизингке деп көзделген 170 млрд теңге саланың қажеттілігін өтемейді. Біз лизинг мерзімін жаңа техника үшін 15 жылға дейін (қазір 10 жыл), ал екінші техника үшін 10 жылға дейін (қазір 7 жыл) ұзартуды ұсынамыз», – деді ол.
Бұған жауап ретінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на  жыл сайын 30 млрд теңгеге дейін ұзақ мерзімді бюджеттік несие бөлу жоспарланғанын хабарлады. Бұл ақша қазақстандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жұмсалады. Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Азамат Бейісбеков отандық машина жасауды қолдау үшін машина жасауды дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленгенін айтты. Бұл құжатта отандық кәсіпорындарға «ДАМУ» КДҚ» АҚ арқылы машина жасау саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне несие бойынша субсидия мен кепілдік берілетіні көрсетілген. Жер қойнауын пайдаланушылардың офтейк-келісімшарттар және ұзақ мерзімді шарттар, келісімшарттық сатып алу шарттарын (офсеттік келісімдер) жасасуы бойынша міндетті талаптарды қосуы көзделеді. Сондай-ақ, жиын барысында партиялықтар балық шаруашылығы мәселелерін талқылады. Кәсіпкер Саламат Омаровтың айтуынша, инвестициялық салымдар кезінде, шикі және өңделмеген балықтарды экспорттауға тыйым салу немесе шектеулер енгізуден балық шаруашылығы субъектісіне келетін шығынға өтемақы үлесін 40-50%-ға дейін ұлғайту, сондай-ақ Жайық және Қиғаш өзендерінің түбін тереңдету жұмысын жүргізуге бюджеттен қаражат қарастыру қажет. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ақпараты бойынша, биыл ұзындығы 98,8 км болатын өзен түбін тереңдету жұмысын жүргізуге 3 млрд теңге қарастырылған. Жыл басынан бері Жайық өзенінде 5 км, Қиғаш өзенінде 8 км тереңдету жұмысы атқарылды.
«Өзендердің түбін тереңдету жұмысы жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Әсіресе, Жайық өзенінің сағасында, өйткені оның тереңдігі жеткіліксіз болғандықтан, барлық балық аулау кемелері еркін жүре бермейді. Атырау қаласында орналасатын және түбін тұрақты негізде тазартатын арнайы мекеме құру тиімдірек болар еді. Тағы бір оң нәтиже Каспий теңізінен Жайық өзеніне уылдырық шашу үшін бекіре және басқа да балық түрлерінің өтуіне жағдай жасаудың арқасында балық популяциясы көбейетін болады», - деді Эльдар Жұмағазиев.
Қорытындылай келе, партия Хатшысы Эльдар Жұмағазиев ауыл шаруашылығы мәселелерін шешу шағын және орта бизнестің дамуына серпін беретінін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша Кеңес Үкімет пен мемлекеттік органдарға жолдайтын бірқатар ұсынысты қабылдады. Бизнес-қоғамдастық өкілдерінің салалық министрліктермен және жергілікті атқарушы органдармен осындай кездесулерін партия басқа өңірлерде де жалғастыратын болады.  width=  width= Айта кету керек, «AMANAT» сайлауалды бағдарламасы аясында алдағы бес жылда партия аграрлық саланы субсидиялау жүйесін жақсартуға, жем-шөп өндірісін дамытуға, сондай-ақ бүкіл өндіріс тізбегі бойынша мал шаруашылығының қордаланған мәселелерін шешуге ықпал етеді. Мәселен, ауыл халқының табысын арттыру үшін жеке қосалқы шаруашылықтар кооперациясы арқылы «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды, оған қатысушылар жеңілдетілген несие ала алады. Биыл жобаны іске асыруға 100 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ, 2027 жылдың соңына дейін АӨК-те 500 млрд теңгеден кем емес сомаға 100-ден астам инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.