Шымбұлақ тау курорты уақытша жабылды

Шымбұлақ тау курорты уақытша жабылды

Шымбұлақ тау курорты уақытша жабылды
ашық дереккөзі
51131
Курорт әкімшілігінің хабарлауынша, 21 шілдеде Кіші Алматы өзенінде табиғи апат болған. «Тұйық-Су» альплагерінің ауданында жаяу көпірдің қирауына және су тартудың істен шығуына әкеп соқтырған сел түскен. Нәтижесінде Шымбұлақта сумен жабдықтау тоқтатылды.
«Мамандар су қабылдау станциясын лай массалары мен тау жыныстарынан тазарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Біз туындаған қолайсыздықтар үшін шын жүректен кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарағандарыңыз үшін алғыс айтамыз», –  делінген хабарламада.
Алматы ТЖД мәліметтері бойынша, ауа температурасының жоғарылауына және мұздықтардың еруіне байланысты Кіші Алматы шатқалының сағасындағы су деңгейі көтерілді, бұл ішуге жарамсыз лас судың пайда болуына әкеледі. Сонымен қатар Алматы тауларындағы жағдай тұрақты және ТЖД бақылауында қалып отыр.

Серіктес жаңалықтары