Әлемдегі алып көк мұхиттар жасыл түске боялып жатыр – қауіпті ме?

Әлемдегі алып көк мұхиттар жасыл түске боялып жатыр – қауіпті ме?

Әлемдегі алып көк мұхиттар жасыл түске боялып жатыр – қауіпті ме?
ашық дереккөзі
50837
Әлем мұхиттары жасыл тартып барады. Яғни көк түске боялған мұхит түсі жасылға боялып жатыр. Аталған жағдайды қалыпты құбылыстардың бірі ретінде бағалайтын секілді көрінуі мүмкін, бірақ ғалымдар климаттың дәл осы өзгерісі аса қауіпті деп отыр. АҚШ пен Ұлыбритания ғалымдары соңғы жиырма жыл ішінде жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде жердегі мұхиттардың 56%-ының түсі жасылданғанын байқаған. Мұны олар ғарыштан түсірілген суреттер арқылы көрген. Әсіресе тропикалық аймақтарда анық байқалады. Ғалымдардың зерттеулері Nature ғылыми журналында жарық көрді. Мұхит түсі беткі қабаттағы өзгеріске қарай құбылады. Заңдылық бойынша, бұл қабатта фитопланктон көп болса, мұхит беті жасыл тарта бастайды. Аталған құбылыс негізінде әлемді жасылдандыру саясатына келетін секілді болғанымен, оның кері әсері өте қауіпті болып шықты. Ең алдымен бұл мұхиттағы экожүйені құртады. Экожүйе бұзылған сайын ондағы тіршілік жойылады деп болжайды ғалымдар. Мұхит бетіндегі түстің көктен жасылға қарай өзгеруін ғалымдар әлемдік климаттағы өзгеріспен, соның ішіндегі, жаппай жылынумен байланыстырады.

Серіктес жаңалықтары