50409
Алматы облысын сел басу қаупі бар
Алматы облысын сел басу қаупі бар
Алматы облысындағы Талғар бөгетінде топырақ бөгеті шайылып, сел қаупіне байланысты 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, Талғар бөгетінің бөрене ұстағыш құрылғысында бөгетті су шайып кеткен.
«2023 жылдың 22 шілдесінде сағат 00:30-дағы сел тасқынының кері әсері салдарынан Талғар бөгетінің бөрене ұстағыш құрылғысында топырақ бөгетінің оң жағын су шайып кетті. Ұзындығы 5,5 метр, ені 3 метр, тереңдігі 1,2 метр, көлемі шамамен 20 текше метрлік шұңқыр пайда болды», - деп хабарлады ведомстводағылар.
Шұңқырды қалпына келтіру жұмыстарын «Қазселденқорғау» филиалы жүргізеді.
Талғар өзенінің қауіпті учаскелеріне бақылау бекеттері орнатылды. Сел қаупі бар аймақтан 150-ге жуық адам эвакуацияланды.