50321
Қазақстанда жаңа туристік орындардың тізімі бекітіледі
Қазақстанда жаңа туристік орындардың тізімі бекітіледі
Еліміз бойынша туристер саяхаттап баратын орындардың саны артады. Ашық НҚА порталында жарияланған Мәдениет және спорт министрінің бұйрық-жобасында туристік орындардың тізімін толықтыру жоспарланып отырғаны жазылған.
Құжатқа сай, енді Қазақстан бойынша туристік аумақтар қатарына мына орындар енгізіледі:
- Абай облысының «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
- Абай облысындағы Алакөл көлінің жағалауы;
- Шығыс Қазақстан облысының «Қатонқарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
- Балқаш, Приозерск қалаларын қоса алғанда, Қарағанды облысының Балқаш көлінің жағалауы;
- Жетісу облысының «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
- Жетісу облысындағы Балқаш көлінің жағалауы;
- Жетісу облысының «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
- Жетісу облысындағы Алакөл көлінің жағалауы;
- Абай облысындағы Шошқалы көлінің курорттық аймағы;
- Абай облысындағы «Абай-Шәкәрім» кесенелер кешені;
- Абай облысындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы;
- Ақтөбе облысындағы «Қарғалы» су қоймасының курорттық аймағы;
- Ақтөбе облысындағы «Ақтолағай» тау жотасы;
- Ақтөбе облысындағы «Барқын» құмдары;
- Ақтөбе облысындағы «Аққұм» құмдары;
- Ақтөбе облысындағы «Қасқыр» сарқырамасы;
- Жетісу облысындағы Текелі қаласы;
- Қызылорда облысындағы «Ханқожа» көлі;
- Қызылорда облысындағы «Қорқыт ата» кесенесі;
- Қызылорда облысындағы «Қамысты» көлінің курорттық аймағы;
- Қызылорда облысындағы Жаңақорған балшық курорттары;
- Түркістан облысындағы Үкаша ата кесенесі мен құдығы;
- Түркістан облысындағы Бәйдібек ата кесенесі;
- Түркістан облысындағы Домалақ ана кесенесі;
- Түркістан облысындағы Қос ана кесенесі;
- Түркістан облысындағы Баба түкті Шашты Әзіз кесенесі;
- Түркістан облысындағы Ысқақ баб кесенесі;
- Түркістан облысындағы Ақбикеш мұнарасы;
- Түркістан облысындағы Шәммәт ишан мешіті;
- Түркістан облысындағы Мажратұт мыңжылдық тұт ағашы;
- Түркістан облысындағы Кеме қалған монументі;
- Түркістан облысындағы Жылаған ата үңгірі;
- Түркістан облысындағы Келіншектау тау жотасы;
- Түркістан облысындағы Сарыағаш курорттық аймағы;
- Түркістан облысындағы Ақмешіт үңгірі;
- Түркістан облысындағы «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі;
- Түркістан облысындағы Ақсу шатқалы;
- Түркістан облысындағы Келте Машат шатқалы;
- Түркістан облысындағы «Қаратау» мемлекеттік табиғи қорығы;
- Түркістан облысындағы «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы;
- Ұлытау облысының «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және музей қорығы;
- Ұлытау облысындағы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені;
- Шымкент қаласындағы «Шым қала» тарихи мәдени-кешені;
- Шымкент қаласындағы Ибрагим ата кесенесі;
- Шымкент қаласындағы «Қарашаш ана» кесенесі;
- Шымкент қаласындағы «Мірәлі баба» кесенесі;
- Шымкент қаласындағы «Хызыр» мұнарасы;
- Шымкент қаласындағы «Абділ Әзіз баб» кесенесі.
Туристік бағыттар тізімін кеңейтуді көздейтін министр бұйрығы 4 тамызға дейін көпшілік талқылауда болады.