50571
UFC үміткері Бекзат Алмахан бразилиялық қарсыласын нокаутпен жеңді
UFC үміткері Бекзат Алмахан бразилиялық қарсыласын нокаутпен жеңді

Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Бекзат Алмахан (15-1) Алматыда өтіп жатқан «Октагон 47» турнирінің кешіндегі басты кездесуде өнер көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Ол сегізбұрышта бразилиялық спортшы Матеус Глориямен (12-4-1) кездесті. Екінші раундтың басында-ақ Бекзат бразилиялық қарсыласының басынан теуіп (хайкик) нокаутқа түсіріп, мансабындағы 16-жеңісіне қол жеткізді.
Айта кетейік, соңғы жекпе-жегінде UFC-ге түсуге үміткер Алмахан аргентиналық Мауро Мастромариниден басым түскен UAE Warriors промоутерлік жекпе-жегінде жеңіске жеткен болатын.