Көкшетаулық «Оқжетпес» командасының жастары асфальт үстінде жаттығып жүр

Көкшетаулық «Оқжетпес» командасының жастары асфальт үстінде жаттығып жүр

Көкшетаулық «Оқжетпес» командасының жастары асфальт үстінде жаттығып жүр
ашық дереккөзі
50469

VK әлеуметтік желісіндегі «Gooal.kz» парақшасында көкшетаулық футбол командасына қатысты бірқатар шындықтың беті ашылды. Онда «Оқжетпес» жастар құрамасының асфальт үстіндегі жаттығуы да жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.

Видео авторының айтуынша, команда арнайы ойындарын тиісті стадионда жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқандықтан, Петропавл қаласында өткізуге мәжбүр. Жолға 3 сағат кетеді. Яғни, 90 минут ойын үшін, 6 сағат жол жүреді.

Олар не себепті ойыннан бір күн бұрын жататын орын мен тамақ қарастырылмайды деп шағымданды.

Ал жаттығуды көлік тұрақтарында өткізеді екен. Себебі футбол алаңына жеткізетін арнайы автобус сынып тұрып қалған.

Ойыншылар бұған дейін жағдайы жоқ «Энергетик» алаңында жаттықса, кейін не киім ауыстыратын, не жуынатын бөлмесі жоқ «Көктем» стадионында дайындалып жүрген. Сондай-ақ 2 жыл жаңа киім формасы берілмегенін және ай сайын жалақы кешіктірілетіні айтылды.

«Бюджеттен клубқа бір миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Командада 9 шетелдік ойыншы бар, ал балалар осындай жағдайда жаттығып жүр. Өңір әкімі Ермек Маржықпаев қайда қарап отыр?

Юрий Бондаренко - «Оқжетпес» футбол клубының директоры

Бақдәулет Қожабаев - спорт директоры», - дейді видео авторы.

Серіктес жаңалықтары