Елімізде «Алматы апорты» атауымен иіссу шығарылды

Елімізде «Алматы апорты» атауымен иіссу шығарылды

Елімізде «Алматы апорты» атауымен иіссу шығарылды
ашық дереккөзі
50630

Алматылық Гүлжан Түзелбаева жақында «Алматы апорты» деп аталатын иіссу жасап шығарды, деп хабарлады turkystan.kz Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, парфюмердің «Алматы раушаны», «Жусан» деп аталатын коллекциясы да бар.

Жас ғалым ел аралап, әр өңірдің өзіндік табиғатына сәйкес келетін парфюм шығарсам дейді. Парфюмер болуды Гүлжан бала кезінен армандаған.

Біздің елде мұндай мамандықты дайындамайды. Сондықтан ол мектеп бітірген соң, иіссудың отаны Франциядағы парфюмериялық институтқа түсіп, білім алып шығады. Қазір бірнеше иіссу топтамасының авторы.

Зертханалық жұмыстарын  Сәтбаев университетінде жасайды.  «Алматы апорты» иіссуына франциялық мамандардың өздері жоғары баға берген.

 - Маған парфюмнің хош иісі бұрыннан ұнайды. Есімімді де Гүлжан деп тегін қоймаған шығар. Иісінен-ақ кез келген гүлді ажыратып  айтып бере алам. Алматы апортымен, жайқалған гүлімен танымал. Соны брендке айналдырғым келеді. Әрине, жұмыс оңай емес. Шикізаттың біразын Франциядан алдырамыз. Концентраттың бір бөлігі осында жасалады, – дейді ол.

Ол иіссудың алдымен формуласы жасалатынын жеткізді.

«Яғни, құрамын, мөлшерін  анықтап алады.  Бір тамшы артық, не кем болса, иіссу мүлдем өзгеріп кетеді. Сондықтан, өте ұқыптылық керек. Қазір оның зертханасында 20-ға жуық ингредиенті бар. Әсіресе, алма, балқарағай, раушан, ваниль, апельсин иісіне негізделген концентраты ерекше», - деді Г. Түзелбаева.

https://youtu.be/yfMihlXgA3o

Серіктес жаңалықтары